Ресей Қазақстанның құрғақ жемістері мен раушан гүлдерін кіргізуге тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қырғызстанның 50 тоннаға жуық өнімін Ресей Федерациясының аумағына кіргізуге тыйым салынды.

Ресей Қазақстанның құрғақ жемістері мен раушан гүлдерін кіргізуге тыйым салды

Ресей Ауыл шаруашылығын бақылау басқармасының Новосібір облысы бойынша инспекторлары Қырғызстанның қырыққабаты, сәбізі және Қазақстанның жалпы салмағы 48 тонна болған құрғақ жемістерін аймаққа кіргізуге тыйым салды, деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

«Жоғарыда аталған өнімдердің фитосанитарлық сертификаттарының жоқ екені анықталды. Сол себептен Қазақстаннан жемістердің 500 көшеті мен раушан гүлінің 8 мың көшетін кіргізуге тыйым салынды.

Халықаралық карантин заңнамасының талаптарына сәйкес, өнімді Ресей Федерациясының аумағына кіргізуге тыйым салынған. Жүктер кері қайтарылды», - деп жазылған хабарламада.