11:01, 08 Шілде 2016 | GMT +5
Ресей кеденшілері Қазақстанның 10 тонна ащы бұрышын өткізбей, кері қайтарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарасұқ ФҚК пунктінде Новосібір облысы бойынша Ресей ауыл шаруашылығы бақылау басқармасының инспекторлары мен Ресей ФҚҚ аймақтық кедендік басқармасының қызметкерлерімен «Хилокский рынок» жабық акционерлік қоғамына арналған Қазақстан Республикасының 10 тонна ащы бұрыш партиясын ұстады.
Басқарманың баспасөз қызметі хабарлағандай, карантиндік-фитосанитарлық бақылау жүргізу кезінде, жоғары фитосанитариялық қауіп тудырып, карантинге алынған жоғарыда көрсетілген партияның қауіпсіздігін растайтын сертификаты болмаған.
Халықаралық карантиндік заңнаманың талаптарына сәйкес, өнімді Ресей Федерациясы аумағына кіргізуге тыйым салынды. Ащы бұрыш партиясы Қазақстан Республикасына, жөнелтушіге қайтарылды.