Ресей көкпаршылары — Дүниежүзілік көшпенділер ойынының қола жүлдегері

АСТАНА. KAZINFORM — Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтіп жатқан көкпар додасының қола жүлдегері белгілі болды. 

а
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
кокпар
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Үшінші орынға таласу үшін алаңға шыққан Түркия және ресейлік шабандоздар тартысты ойын өткізді.

Нәтижесінде 8:2 есебімен Ресей көкпар командасы жеңіске жетті.

көкпар
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Келесі ойын Қазақстан және Қырғызстан көкпаршылары арасында өтеді.

Қос команда алтын жүлдені сарапқа салатын болады.

а
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Айта кетейік, көкпар ойындарына Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия және Түркия сынды 9 мемлекеттің спортшылары бақ сынады.  

ұлттық спорт
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Іріктеу кезеңінде Ресей құрама командасы мен Қытай елінің көкпаршылары бақ сынап, 4:1 есебімен ресейлік шабандоздар алға шыққан болатын.

спорт
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
көкпар
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform