Ресей Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Роскосмос басшысы қызметіне тағайындалды

Екі минут өткеннен кейін Роскосмос сайтында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Д.Медведевтің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1840-р «Федералды ғарыш агенттігінің басшысы туралы» өкіміне қол қойғаны туралы ақпарат жарияланды, өкімге сәйкес Остапенко Олег Николаевич Федералды ғарыш агенттігі басшысы қызметіне тағайындалды.
2013 жылғы 10 қазан күнгі таңертеңгі уақытта РФ Президентінің сайтында В.Путин өз жарлығымен генерал-полковник О.Остапенконы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен алып, әскери қызметтен босатқаны туралы ақпарат жарияланды.
Олег Остапенко 1957 жылы 3 мамырда туған. Әскери академияны және Ресей Қарулы күштері бас штабының Әскери академиясын бітірген. Әр түрлі командалық және штабтық қызметтерде Стратегиялық мақсаттағы Зымыран әскерлерінде (СМЗӘ), Г.С. Титов атындағы Бас сынақ және ғарыш құралдарын басқару орталығына қарасты әскери бөлімдерде (БССҒҚБ ӘБ) қызмет атқарған.
2007 жылдың тамызы мен 2008 жылдың шілде айлары аралығында - Ресей Қорғаныс министрлігі 1-Мемлекеттік сынақ ғарыш айлағының (Плесецк) бастығы.
2008 жылдың шілдесінен 2011 жылдың қараша айына дейін Ғарыш әскерлерінің қолбасшысы болды. 2011 жылдың қараша айынан - Әуе-ғарыш қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып қызмет атқарды.
Ресей президентінің 2012 жылғы 9 қарашадағы жарлығымен Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Әскери ғылымдар кандидаты. «Әскерге сіңірген еңбегі үшін» орденімен, «Әскерге сіңірген еңбегі үшін» медалімен және басқа да марапаттарды иеленген.