РЕСЕЙ: Кострома түбіндегі лагерьде әскери қызметкер офицер мен екі сарбазды атып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кострома облысында лагерьде әскери қызметкер офицер мен екі сарбазды атып, өз-өзіне қол салды, делінген РФ Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

РЕСЕЙ: Кострома түбіндегі лагерьде әскери қызметкер офицер мен екі сарбазды атып тастады

«2015 жылы 26 тамызда Кострома облысында даладағы лагерьде әскери қызметкер автоматтан оқ атты. Салдарынан бір офицер мен екі сарбаз ажал құшты, тағы екі әскери қызметкер жарақаттанды. Оқ атқан адам өз-өзіне қол жұмсады.», - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігінде әскериді бұл әрекетке жеке себептер итермелеуі мүмкін деген алдын ала болжам жасап отыр. Оқиға орнына Мәскеуден комиссия шықты, деп хабарлады РБК.