Ресей Кубогы жарысында Игорь Закурдаев супергигант бәсекесінде алтын олжалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Архызда өтіп жатқан тау шаңғысы спорты бойынша Ресе Кубогының төртінші кезеңі мәреге жетті, деп жазады Sports.kz.
Қазақстандық Игорь Закурдаев супергигантта алтын медаль еншіледі.
Жарыстың алғашқы айналымында Игорь екінші болған еді, ал екінші кезеңінде ресейлік Евгений Лисица мен Александр Бойсовты артқа тастады.
Тау шаңғысы спорты. Ресей Кубогы. Төртінші кезең. Архыз (Ресей).
Ерлер. Супергигант. Алғашқы айналым.
1. Павел Заплетин (Ресей) - 1:11.55
2. Игорь Закурдаев (Қазақстан) - +0.24
3. Максим Симонов (Ресей) - +0.30
Екінші айналым.
1. Игорь Закурдаев (Қазақстан) - 1:11.87
2. Евгений Лисица (Ресей) - +0.10
3. Александр Бойсов (Ресей) - +0.25.