Ресей құрамасы Финляндия командасын 3:0 есебімен жеңді
МӘСКЕУ. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Ресей құрамасының футболшылары 2010 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде қонақта болған ойында Финляндия құрамасын 3:0 есебімен жеңді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Алғашқы екі доптың авторы - Александр Кержаков болса, үшінші допты - Константин Зырянов соқты. Бірінші гол ойынның 26-шы минутында соғылды. Аршавин Игнашевичтен алған допты Кержаковқа жеткізіп, ол өз кезегінде қақпаны бағындырды. Екінші таймның басында, ойынның 53-ші минутында Кержаков екінші гол соқты. Ресейліктердің шабуылдарын тойтара алмаған финдер ойынның 71-ші минутында Зыряновтың үшінші голын қайтара алмай қалды. Ресей құрамасынан өз алаңдарында жеңіліп отырған финдердің 2010 жылғы әлем чемпионатына жолдама алуы екіталай, олар енді тіпті топтағы екінші орынға да таласуы қиын болады. Ал Гус Хиддинктің командасының немістермен топтағы бірінші орынға таластары бар. 4-ші еуропалық Іріктеу тобында екінші орында тұрған ресейліктер алты ойыннан кейін 15 ұпайға ие болып отыр. Алты ойын өткізген Германия құрамасы 16 ұпайға ие. Ал финдер 10 ұпаймен үшінші орында тұр.