Ресей құрамасының Олимпиада-2018-ге қатысу шарты аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхенчхандағы 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ресейлік спортшылар өздерінің допингтік бұзушылықтарына қатысы жоқтығын дәлелдеу үшін допинг-сынама тапсырулары қажет.

Ресей құрамасының Олимпиада-2018-ге қатысу шарты аталды

 Бұл туралы ТАСС Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«ХОК атқару комитеті желтоқсанда ресейлік спортшылардың қатысуы туралы шешім шығарады. Турнир алды жұмыс тобы 2018 жылы Пхенчханда бақ сынау үшін барлық спортшылардың, соның ішінде ресейлік спортшылардың қажетті тестілеуден өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды», - деп мәлімдеді ұйымда.