Ресей Кувейтке КСРО-дан қалған 1,7 млрд. доллар қарызын өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей КСРО-ның 1,7 млрд. доллар сомадағы Кувейтке қарызын өтеді, деп хабарлайды Ресей қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен, деп жазады ВВС агенттігі.
«КСРО 1991 жылы Кувейттен несиені сол кездегі қаржылық міндеттер мен қиын жағдайда тұрған импорт үшін төлем жасауға алған», делінген баспасөз қызметінен таратқан хабарламада.
2006 жылы қол қойылған келісімге сәйкес, 1,1 млрд. доллар сомадағы негізгі қарыз ақшалай, ал 620 млн. долларға жеткен пайыздар Ресейде өндірілетін жоғары технологиялық өнімдерді жеткізумен өтелді.
Қаржы министрлігінің хабарлауынша, Ресей КСРО-дан қалған Корея Республикасы, Македония, сондай-ақ Босния және Герцеговина алдында борышы өтелмегенін хабарлады.