Ресей Қырғызстаннан Қазақстанға көгілдір отын жеткізіліп тұратын газ магистральдарына қызығушылық танытып отыр
БІШКЕК. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстан Премьер-министрі Алмазбек Атамбаев бастаған үкіметтік делегация Ресейге сапарын аяқтады.
Қырғызстандық БАҚ таратқан ақпарат бойынша, екіжақты келіссөздердің тақырыптарының бірі - энергетикаға қатысты болды. Нақтырақ айтар болсақ, Ресей Қырғызстаннан Қазақстанға (Алматы) көгілдір отын жеткізіліп тұратын газ магистральдарына қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Асқар Шадиев журналистерге хабарлады.