Ресей мектептерінде жаңа пән пайда болады
МӘСКЕУ. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат - Ресей мектептерінің төртініші сыныптарында келесі жылдың сәуірінен бастап аптасына екі сағат діни-адамгершілік сабақтары өткізілетін болады. Бұл жөнінде журналистерге Мәскеу діни академиясының профессоры Андрей Кураев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Бұл ретте оқушылар мен олардың ата-аналары төрт негізгі конфессия бірінің діни мәдениетін немесе зайырлы әдеп сабақтарын үйренуді таңдап ала алады.
Елдің 18 аймағындағы экспериментті бастау туралы бастаманы Дмитрий Медведев қолдады.