Ресей мектептеріне адамгершілік пәні енгізіледі
АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2012 жылғы бірінші қыркүйектен бастап ресейлік төртінші сынып пен жоғарғы сыныптағы оқушылар адамгершілік сабақтарына қатысады, оның мақсаты - жеке адамның рухани және адамгершілік негіздеріне тәрбиелеу болмақ, деп хабарлады РБК.
Мектеп оқушыларына өз таңдауы бойынша елдегі дәстүрлі конфессиялары немесе зайырлы этика кустары ұсынылады.
Балаларға дін туралы мағлұмат беру қажеттігі туралы пікірсайыс Ресейде 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Сол кезден бері жаңа пәнді РФ-ның бірқатар аймақтарында енгізу жөніндегі эксперимент жалғасуда.
Әуелде Ресей православ шіркеуінің мақұлдауына ие болған бастамада мектеп оқушыларына Ресейдің басты конфессиялары бойынша таңдау ұсынылған болатын. Оған зайырлы этика пәнін қосу қоғамдық жұртшылықтың талап етуімен кейінірек пайда болды.
Жыл басында жүргізілген мектеп оқушылары арасындағы сауалдама нәтижесі бойынша осы нұсқа кең қолдау тауып отыр. Зайырлы этиканы оқып-үйренуге оқушылардың 47 пайызы, православ дінін оқуға 28 пайызы, исламды үйренуге 5,6 пайызы ынта білдірді.
Дегенмен адамгершілік-тәрбие пәнінің енгізілуін ресей қоғамының бір бөлігі мақұлдамай отыр. Олар жаңа пәннің жеке адамды тәрбиелеудегі тиімділігіне күмән келтіреді және оқу жүктемесінде негізгі пәндерге нұқсан келеді деп санайды.