Ресей мен АҚШ әуе лаңкестігімен күресу жөніндегі «Қырағы қыран-2010» бірлескен жаттығуын өткізеді

АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы мен Құрама Штаттардың аумақтарында бүгін, тамыздың 6-сында әуе лаңкестігімен күресу жөніндегі «Қырағы қыран -2010» ресей-американ жаттығуының белсенді фазасы басталады,

Ресей мен  АҚШ   әуе   лаңкестігімен  күресу  жөніндегі  «Қырағы қыран-2010» бірлескен  жаттығуын  өткізеді

деп хабарлайды ИТАР -ТАСС агенттігі.

Жаттығу барысында «лаңкестер басып алған ұшақты бір елдің әскери-әуе күштерінің бақылауынан екінші елдің күштеріне табыс ету» сценарийі жүзеге асырылады. Жаттығудың негізгі штаттары Хабаровскі мен Колорадо-Сипрингсте орналасса, қосалқы штабтары Петропавловск-Камчатск пен Аляскадағы Анкориджде орналасқан.

Жаттығуға ресейлік және американдық тараптар жоюшы ұшақтар мен қашықтықтан радиолокациялаушы ұшақтарды жұмылдырып отыр. Жаттығуға қатыстырылатын ұшақтар, қауіпсіздік мақсатында зымырандармен жарақталмайды.