Ресей мен АҚШ ғарышта 2020 жылға дейін ынтымақтаспақ

АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Ресей мен АҚШ арасында ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдаланудағы ынтымақтастық жөніндегі келісім 2020 жылға дейін ұзартылды. Бұл туралы BBC-дің орыс қызметі хабарлап отыр.
None
None

Тиісті бұйрыққа бұрынырақ ресейлік премьер-министр Дмитрий Медведев қол қойды.

«Келісімді ұзарту - Ресей Федарациясының мүддесіне сай келіп отыр және елдің ғарыштық бағдарламаларын тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді, сондай-ақ бірлескен ресейлік-америкалық ғарыштық жобаларды, оның ішінде Ай мен Марсты зерттеу бойынша, екі елдің ғарыш аппараттарының мәліметтері тұрғысында ақпарат алмасуға мүмкіндік береді»,-делінген аталған мемлекеттің үкіметі таратқан мәліметте.

Айта кетейік, Ресей мен АҚШ арасында ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану ынтымақтастығы жөніндегі келісім 1992 жылдың 17 маусымында күшіне енген еді. Содан бері 1997, 2002 және 2007 жылдары дипломатиялық ноталарды алмастыру жолымен үш мәрте ұзартылған болатын. Тиісті нотаны америкалық тараптан ресейлік СІМ қабылдады.

Соңғы жаңалықтар