Ресей мен АҚШ өкілдері алдағы демалыс күндері Майамиде кездесуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей мен АҚШ өкілдері алдағы демалыс күндері Майамиде кездесуі мүмкін. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

АҚШ-Ресей
Фото: Fotolia / denisismagilov

Politico басылымының мәліметінше, тараптар Украинадағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған ықтимал қадамдарды талқылауды жоспарлап отыр.

Ресей тарапынан кездесуге Ресейдің Тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев қатысуы мүмкін. Ал АҚШ атынан Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен президенттің кеңесшісі Джаред Кушнердің келуі күтіліп отыр. Дереккөздердің хабарлауынша, кездесуді дайындауға қатысты байланыстар бірнеше аптадан бері жүргізіліп келеді.

Аталған іс-шараға қатысты Ақ үй тарапынан әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Майамиде жаңа америкалық-украиналық келіссөздер өтетінін мәлімдеген еді.

Ал Еуропа көшбасшылары Украина үшін «көпұлтты күш» құруға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар