Ресей мен Германия энергетикалық агенттік құрды
АСТАНА. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат - Ресей мен Германия екі ел басшыларының кездесуінде біріккен энергетикалық агенттік құратындықтары туралы мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа ұйымның барлық қажетті құжаттарына бейсенбі күні Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев пен Германияның канцлері Ангела Меркелдің қатысуымен мемлекетаралық консультациялар аяқталғаннан кейін бірден қол қойылды.