Ресей мен Грузия 10 қарашада ДСҰ жөніндегі келісімге қол қояды

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Грузия мен Ресей Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) ену мәселесінде грузиялық тараптың барлық талаптары көрсетілген ортақ нақты келісімге келді. Бұл жөнінде бүгін брифингте Грузия сыртқы істер министрінің орынбасары Нино Каландадзе мәлімдеді.

Ресей мен Грузия 10 қарашада ДСҰ жөніндегі келісімге қол қояды

Оның сөзіне қарағанда, құжаттардың бәрі парафирленген және 10 қарашада қол қойылады, деп хабарлайды FINMARKET.RU.

Каландадзе ескеріп өткендей, құжатта ресейлік-грузиялық шекара арқылы жүк тасымалының халықаралық мониторингі жүзеге асатын бұған дейін еш бақылаусыз болған барлық сауда дәліздері белгіленген.

«Келісім орындалып, ресми қорытындысына жақындағаны әсіресе қуантады. Осы арқылы тауар тасымалын нақты және соңғы рет заң шеңберіне бағындыратын боламыз», - деп ескерді министрдің орынбасары.