18:27, 22 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Ресей мен Қазақстан ортақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құрмақ
АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ресей мен Қазақстан ортақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) жүйесін құрмақ. Бұл жөнінде Ресей Федерациясының Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары, генерал-полковник Валерий Герасимов мәлімдеді, деп жазады «Взгляд» газеті.

«Мұндай екіжақты аймақтық әуе шабуылына қарсы қорғаныстың ортақ жүйесі Беларуспен және Армениямен арада құрылған. Болашақта осындай ӘШҚҚ жүйесін Қазақстанмен арада қалыптастырамыз деген жоспар бар», - деді Герасимов.
Басылымның хабарлауынша, Қазақстанның ӘШҚҚ жүйесі қазіргі уақытта ТМД біріккен ӘШҚҚ жүйесіне кіреді.