Ресей мен Қытай Иранға қарсы санкциялар бойынша ұсыныстар алды

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Иран жөніндегі «алтылық» елдерінің өкілдері Тегранға қатысты санкцияларды қатайту жөніндегі өз ұсыныстарын Ресей мен Қытай делегацияларына табыс етті.

Ресей мен  Қытай Иранға  қарсы  санкциялар бойынша ұсыныстар алды

Бұл туралы сәрсенбі күні ИТАР-ТАСС агенттігіне БҰҰ штаб-пәтеріндегі дипломатиялық дерек көз хабарлады.

Дерек көздің мәліметтері бойынша, ұсыныстарға «Ислам революциясы сақшылары корпусының мүшелеріне қатысты қосымша шаралар, сондай-ақ теңіз тасымалы, банк және сақтандыру секторлары саласындағы санкцияларды қатайту шаралары» кіргізілген.