Ресей мен Қытай өздерінің рейтингтік агенттігін құрмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей мен Қытай өздерінің рейтингтік агенттігін құруға ниеттеніп отыр. Ол өзінің жұмысын бірлескен инвестициялық жобалардан бастамайды, деп хабарлады ресейлік қаржы министрі Антон Силуанов.

Ресей мен Қытай өздерінің рейтингтік агенттігін құрмақ

Аталған агенттік бүгінде пайдаланылып жүрген халықаралық агенттіктердің үлгісінде құрылмақ.

«Біз агенттік бағалаулары саясаттан тыс жүргізілгенін қалаймыз», - деп нақтылап өтті министр.

Оның сөзіне қарағанда, бастапқыда бұл агенттік жобаларды, ресейлік-қытайлық ынтымақтастық саласындағы инвестицияларды бағамдаумен айналыспақ. Сондай-ақ, бұл бағытта бірқатар азиялық елдерді тарту жоспарланып отыр. «Агенттіктің беделі көтерілген сайын, жаңа деңгейге шығып, оның қызметіне өзге елдер де жүгіне алар еді», - деді Силуанов Қытайға сапары барысында.