Ресей мен Украина қарым-қатынасындағы Қазақстан ұстанымы ұлттық мүддеге негізделген - СІМ
Оның атап өтуінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ұзақмерзімді стратегиялық қарым-қатынасты ескере отырып, Владимир Путинмен сөйлесіп тұрады. Және де бұл қатынас жалғасатын болады.
«Қазақстан мен Ресей көршілес. Бізді әлемдегі ең ұзын 7,5 мың шақырымға созылған шекара біріктірмейді, байланыстырады. Қазақстанда 3,5 млн адамды құрайтын орыс қауымы тұрып жатса, шамамен 1 млн-ға жуық этникалық қазақ – Ресей азаматы. Бұл біздің қарым-қатынасымыздың қосымша факторы. Бұған қоса, Қазақстан да, Ресей де Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі. Ресей – Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Әрине, сондықтан да бұл қарым-қатынас сақталады әрі жалғасады», - деді Роман Василенко басылым сауалына жауап бере келе.

Ол Ресей мен Украина арасындағы жанжалға қатысты Қазақстан өзінің нақты ұстанымын айқындағанын еске салып өтті. Бұл ұстаным БҰҰ Жарғысы негізінде Украинаны қоса алғанда, барлық мемлекеттің аумақтық тұтастығын құрметтеу қажеттігіне негізделеді.
«Қазақстан үшін бұл Марста немесе айдалада өтіп жатқан жанжал еместігін түсіну қажет. Бұл аталған екі мемлекеттің тарихындағы және де бүкіл адамзат үшін, 20 млн тұрғынының 3,5 млн-ы орыстар, 250 мыңы этникалық украиндықтар саналатын Қазақстан үшін өте жанға бататын, қасіретті жағдайлар», - деді ол.
Роман Василенконың атап өтуінше, Қазақстан қан төгісті тоқтатуға және оны реттеуге өз үлесін қосуға бар күш-жігерін салып келеді. Сондықтан да ҚР Президенті бірнеше мәрте Ресей мен Украина үшін араағайындық қажет болған жағдайда Қазақстан көмек қолын созуға дайын екендігін атап өтті.
«Сол себепті біз қазіргі тұрған ұстанымызды сақтап қаламыз. Ол біздің өзіміздің ұлттық мүддемізге негізделген», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.