07:54, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ресей мен Украина сенімді серіктестер тұрғысындағы беделдерінен айрылуы мүмкін
БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ – Еуроодақтағы Чехия президенттігі мен Еуропалық комиссия Ресей мен Украинаны Еуропаға газ жеткізілімін дереу бастау туралы табанды тілек айтып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуроодақ төрағасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еуроодақтың Энергетика мәселелері жөніндегі комиссары Андрис Пибалгс пен Чехияның Өнеркәсіп және сауда министрі Мартин Риманның Ресей мен Украинаның энергетика министрлеріне жолдаған бірлескен хатында, мониторингілік миссиялар газ тасымалдау жүйесінің барлық учаскесінде жұмыс істеп жатқандығы, сондықтан да газ жеткізілімі толық көлемде басталуы керектігі айтылып отыр. Еуропалық тарап сондай-ақ, еуропалық тұтынушыларға газ жеткізілімі дереу жандандырылмаса, Украина мен Ресей сенімді серіктестер деген беделдерінен айрылуы мүмкін екендігін ескертуде.