Ресей «Мұсылмандардың күнәсіздігі» фильмін экстремистік деп тануы мүмкін

АСТАНА.  18 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Мұсылмандардың күнәсіздігі» фильмін Ресей экстермистік деп тануы ықтимал.

Ресей «Мұсылмандардың күнәсіздігі» фильмін экстремистік деп тануы мүмкін

 Осыған орай Ресей Бас прокуратурасының баспасөз қызметі аталмыш фильмді экстремистік сипаттағы фильм деп тану жөнінде сотқа шағым түсіру туралы хабарлама таратып отыр. Бұл туралы muslim.kz сайтында жазады.

Нақтырақ айтқанда, Ресейдегі ведомствоның ресми өкілі Марина Гриднева мұсылмандар наразылығын тудырған фильмнің ғаламторда пайда болуына байланысты осындай шараға барып отырғанын мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, провайдерлер Ресейде бұл фильмнің таратылмайтынын да айтқан.