Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ресей поштасы ТМД құрылуының 25 жылдығына марка шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Почта России» ТМД құрылуының 25 жылдығына арнап марка шығарды.

Ресей поштасы ТМД құрылуының 25 жылдығына марка шығарды

Ұлттық пошта операторының баспасөз қызметінен хабарлағандай, номиналы 17 рубль болатын пошта маркасында Достастық эмблемасы белгіленген. Тиражы  288 мың дана, деп хабарлады  ТАСС.

ТМД Беларусь, Ресей және Украина басшыларының Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісіміне қол қойған 1991 жылы  құрылды.

ТМД Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украинаны біріктіреді. 2005 жылдың тамызынан Түркіменстан ТМД мүшелігінен шығып, мүше- байқаушы  статусына ие болды.