Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевты Кеңес Одағының Батыры атағымен марапаттау парағын табыстады
АСТАНА. KAZINFORM - Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ берілмеген.
Кемел Тоқаев Польша аумағындағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барған болатын.
Президент Мәскеуде Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесіп, оны елге мемлкеттік сапармен келуге шақырды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ресейде Мьянма Премьер-министрімен, Сербия басшысымен кездесті.
Президент Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан сарбаздарға құрмет көрсетті.
Мемлекет басшысы Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.