Ресей президенті Тәжікстанға ресми сапармен келеді

СКЕУ. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Ресей Президенті Дмитрий Медведев Тәжікстанға ресми сапармен келеді.

Ресей президенті Тәжікстанға ресми сапармен келеді

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен жүзеге асырылуда. «Екі мемлекеттің көшбасшылары халықаралық және аймақтық өзектер проблемалар, атап айтқанда, орталықазиялық аймақтағы және Ауғанстандағы жағдай бойынша пікір алысады, аймақтық ықпалдастық бірлестіктер (ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ) ауқымындағы екі елдің өзара іс-қимылы мәселелері қозғалады

«Келіссөздер барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды өрістету перспективаларына баса назар аудару жоспарлануда. Сондай-ақ келіссөздер барысында гуманитарлық проблемаларға, соның ішінде білім беру және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылды тереңдету, Тәжікстандағы ресейлік жоғары оқу орындары филиалдарының қызметі мәселелеріне едәуір орын беріледі. Душанбе қаласында Ресей мәдени-ақпараттық орталығын ашу рәсімін өткізу жоспарланған», - делінген хабарламада.

Ресей-тәжік келіссөздерінің қорытындылары бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылмақ.