Ресей президентін сайлау күні белгіленді
АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - 2012 жылы өтетін Ресей Федерациясының президентін сайлау күні жексенбіге келіп тұрған 11 наурыз - демалыс күнін жұма, 9 наурызға ауыстыру себебіне байланысты 4 наурызда өтетін болды.
Бұл туралы ОСК-ге сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі хабарлаған.
Ресей Федерациясы Үкіметінің қаулысы бойынша қызметкерлердің демалыс және мереке күндерін ұтымды пайдалану мақсатында демалыс күні жексенбі,11 наурыздан жұмаға, яғни 9 наурызға ауыстырылды.