Ресей Президентін сайлауға 10 млрд. рубль жұмсалды

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - 12 мамыр күні Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы ел президентінің сайлауын ұйымдастыруға кеткен шығындар бойынша есеп берді.
None
None

Жалпы алғанда, Ресей президентін сайлауға 10,375318 мрлд. рубль жұмсалды.

Қаражаттың басым бөлігін, яғни 99 пайызын РФ субьектілерінде  барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының өкілеттігін қамтамасыз етумен  байланысты шығындар құрады.

Орталық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сәйкес, іс-шара барысында шамамен 2 мрлд. рубль үнемделді. Бастапқыда сайлауға дайындық пен оны өткізуге 12 млрд. 113 млн. рубль жұмсау қарастырылған болатын, деп хабарлады Утро. ру. 

Соңғы жаңалықтар