Ресей президентін ұлықтау салтанатын ресейлік алты телеарна тікелей эфирде көрсетеді

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Владимир Путиннің Ресей президенті қызметіне кірісуінің салтанатты ұлықтау сәтін 7 мамырда көрермендер ресейлік алты телеарнадан тамашалай алады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Ресей президентін ұлықтау салтанатын ресейлік алты телеарна тікелей эфирде көрсетеді

Мемлекет басшысының тікелей эфирдегі ұлықтауын дәстүрлі көрсетіп жүрген «Бірінші арна», «Ресей-1» және «ТВ-Центр»   арналарымен қатар бұл жолы «Ресей-24», НТВ және «Бесінші арна» ұсынатын болады.

«Бірінші арнада» мәскеу уақытымен 09:45-те арнайы ақпараттық марафон өтеді. Бұл жобаның ауқымнда Кремль қабырғасы жанындағы салтанатқа әзірлік, ал 11:30-да камералар оның ішкі бөлмелеріне ауысады, деп түсіндірді телеарнаның баспасөз қзметі.

Сондай-ақ 7 мамыр күні 21:20-да НТВ арнасынан неміс журналисінің «Мен, Путин. Портрет» атты фильмі ұсынылады.