18:28, 03 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ресей президентінің Әзірбайжанға сапары өтті
БАКУ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Әзербайжанға ресми сапары өз мәресіне жетіп, оның барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.
Айтар болсақ, Дмитрий Медведев пен Әзірбайжан Республикасының президенті Илһам Әлиев қыркүйектің 3-інде «РФ мен ӘР арасындағы мемлекеттік шекара туралы» келісімге және «Трансшекаралық Самур өзенінің су ресурстарын үнемді пайдалану және қорғау туралы» уағдаластыққа қол қойылды.
Сондай-ақ, мемлекет басшыларының қатысуымен ӘР Мемлекеттік мұнай компаниясы мен ресейлік «Газпром» арасында 2011-2012 жылдарға газ жеткізуді арттыруға байланысты табиғи газды сатып алу-сатуға қатысты келісім-шартқа қосымша келісім жасалып, қол қойылды.