Ресей рублі 6 теңгеден төмен бағада сатылуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей рублі 6 теңгеден төмен бағада сатылуда

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,90 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445, 65 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 447, 68 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 447 теңге, сатып алу – 451 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,5 теңгеден болса, сатып алу – 450,5

Алматыда Ресей рублі 5,7 – 6,05 теңге, елордада 5,93 - 5,95 теңгеден сатылуда.