Ресей рублінің бағамы 8 теңгеге жуықтады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы ақша айырбастау орындарында рубль 7,35 - 7,65 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан қор биржасында (KASE) бір рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы – 7,93 теңге.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 16 қыркүйектегі жағдай бойынша Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,96 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 7,35 – 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал Нұр-Сұлтанда 7,45 – 7,65 теңге аралығында құбылып тұр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұлттық банктің 16 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 474, 19 теңге.