Ресей рублiнiң девальвациясы мен мұнай бағасының төмендеуiнен Қазақстанға көп көлемде арзан жанар-жағармай келiп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей рублiнiң девальвациясы мен мұнай бағасының төмендеуiнен Қазақстанға көп көлемде арзан жанар-жағармай келiп жатыр.
None
None

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Энергетика вице-министрi Ұзақбай Қарабалин мәлiм еттi.

«Ресей рублiнiң девальвациясы мен мұнай бағасының төмендеуiнен Қазақстанға көп көлемде арзан жанар-жағармай келiп жатыр. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейде Салық маневрi туралы заң күшiне енедi. Онда акциздердiң индексациясы жасалып, мұнау секторындағы салық заңнамасына едәуiр өзгерiстер енгiзiлген. Соның iшiнде мұнайдың экспорттық баж салығын кемiтiп, пайдалы қазбаларды өндiру салығын ұлғайтпақ. Салық маневрi енгiзiлгеннен кейiн Ресейде жанар-жағармай құны өзгередi. Осы орайда Қазақстан үкiметi алдында iшкi нарықтағы мұнай өнiмдерiнiң бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстарды атқару мiндетi тұр. Сонымен қатар 2015 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасында Еуразиялық экономикалық одақ аясында әрiптестiктi бастайды. Оны да ескеру қажет», - деп атап өттi вице-министр.

Оның айтуынша, қазiргi уақытта iшкi нарықты қамтамасыз ету жұмыстары белсендi жалғасуда. Бүгiнде қорға 230 мың тонна жанар-жағармай сатып алынған.

Бұның алдында хабарлағанымыздай, Ұзақбай Қарабалин жанар-жағармайдың бағасы төмендейтiндiгiн мәлiмдеген болатын. «Жақында құны үкiметпен қадағаланатын мұнай өнiмдерiнiң бағасы түседi деп жоспарлануда. АИ-92 бензинi - литрi үшiн 128 теңгеден 115 теңгеге, АИ 80 - бұрынғы деңгейнде 89 теңге деңгейiнде қалады. Дизель отыны 115 теңгеден 107 теңгеге түспек», - дедi Ұ. Қарабалин.

Соңғы жаңалықтар