Ресей Сарышаған полигонын жалдауды қысқартқаннан кейін бюджетке түсім 2,5 млн долларға азаяды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.
None
None

Хаттамаға 2015 жылы 16 сәуірде Мәскеуде қол қойылған.

Ресей тарапы Сарышаған полигонынан жалға алып отырған 8 млн. гектардың 1 млн. гектары қысқартылады. Осыған байланысты жалдау сомасы да түзетілетін болып отыр. Нақтылап айтқанда, жалдау сомасы 2 млн. 656 мың долларға кемиді. Айта кетерлігі, Ресей жалға алып отырған Сарышаған полигон аумағы үшін 18 млн. 900 мың доллар төлеп келген болатын. Енді бұл сома 2 млн. 656 мың долларға қысқарады.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаровтың айтуынша, Ресейден қайтарылған жерлерден жалдау ақысы қысқартылғанымен, оның орнын толтыратын және арттыратын республикалық бюджетке төлемдер түсіретін жобалар іске асырылмақ. Мәселен, қазақстандық шаруашылық субъектілердің, пайдалы қазбаларды өңдеуге, полигонның аумағы арқылы өтетін теміржол, автокөлік және әуе жолдарын пайдалануға байланысты жалдау ақысы өтеледі. Яғни, хаттама теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға соқтырмайды.

Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар