Ресей Сириядан әскер шығаруды бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия президенті әкімшілігінің мәлімдеуінше, Ресейдің Сириядан негізгі әскер күшін шығару туралы шешімі елдер арасында келіспеушілік туындады дегенді білдірмейді, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

«Мәскеудің бұл қадамы Дамаскімен келісілді және біраз уақыт егжей-тегжейлі зерделенді», - делінген «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі Башар Асад әкімшілігінің парақшасында.
Дүйсенбі кешке Владимир Путин Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуде Ресей әскері қойылған міндеттерді орындағандықтан осындай шешім қабылданғанын айтып, Сириядан негізгі әскери күштерді шығаруды бұйырды.
Әскерді шығару 15 наурызда басталды.
Сонымен бірге, Сирия қорғаныс министрлігі Мәскеудің әскер санын азайту шешімі Сирияда кей бағыттарда айқас аяқталғаннан кейін екі тарап арасындағы жағдайды үйлестіру үшін қабылдағанын растады, деп мәлімдеді Рейтер.

Соңғы жаңалықтар
telegram