Ресей Сыртқы істер министрлігі азаматтарды Ауғанстанға барудан бас тартуға шақырды

Бамиан, Афганистан
Фото: unesco

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Сыртқы істер министрлігі Ресей азаматтарына Ауғанстанға жеке мақсатпен барудан бас тартуды ұсынды.

«Мәскеу Ауғанстанда шетелдік туристерге қарсы тағы бір лаңкестік әрекет туралы ақпаратқа алаңдап отыр», - делінген Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Ведомствоның мәліметінше, 17 мамырда белгісіз біреулердің Бамиан қаласындағы базарда оқ жаудыруы салдарынан үш адам (Испания азаматтары) және тағы төрт шетелдік (Аустралия, Испания, Литва, Норвегия) ауыр жарақат алды.

«Ауғанстанда қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі аса күрделі жағдай аясында Ресей СІМ ресейлік азаматтарға бұл елге жеке мақсатпен, соның ішінде туризм бағытында барудан бас тартуды ұсынады», - деп хабарлады РФ СІМ.

Ауғанстандағы Бамиан алқабы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген. Мұнда орналасқан мәдениет, буддизм және Бактрия тарихының ескерткіштері шетелдік туристер арасында ерекше танымал. Таулы Бамианда 2001 жылы тәліптер бұрынғы билігі кезінде жарып жіберген екі алып Будда мүсінінің қалдықтары бар.

Бұрын хабарланғандай, Еуроодақ Ауғанстандағы шетелдік туристерге жасалған шабуылды айыптады.

Соңғы жаңалықтар