Ресей соты әнші Г.Лепстің әндерін заңсыз пайдаланғаны үшін «ВКонтакте» желісіне 750 мың рубль айып салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербор мен Ленинград облысының арбитраждық соты «ВКонтакте» әлеуметтік желісінен әнші Григорий Лепстің әндерін заңсыз орналастырғаны үшін 750 мың рубльді (13,2 мың доллар) өндірді, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Ресей соты әнші Г.Лепстің әндерін заңсыз пайдаланғаны үшін «ВКонтакте» желісіне 750 мың рубль айып салды

Сотқа Лепс шығармаларына құқығы бар «Никитин Медиа Диджитал Контент» дыбыс жазу студиясы шағымданған.

Компания әншінің 10 аудиотрегіне еркін қол жеткізе алатындай орналастырғандары үшін әлеуметтік желінің 750 мың рубль төлеуін және әндерді өшіруін талап еткен.

Іс шамамен екі жыл қаралды. Бастапқыда шағымданушы жеңілген, алайда кассациялық шағым келтіріліп, іс қайта қаралды.