Ресей соты «Мұсылмандардың пәктігі» фильмінің көрсетіліміне тыйым салды

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Тверь соты «Мұсылмандардың пәктігі» фильмін экстремистік деп таныды.
None
None

Осылайша, фильм діни араздық тудырады және қоғамда төзімсіздіктің артуына ықпал етеді деп санайтын прокуратураның қолдаухатын қанағаттандырды. 

РФ Бас прокуратурасының ресми өкілі Марина Гридневаның сөзіне сілтеме жасай отырып РБК хабарлағандай, өтінішті беруге фильмде исламға және оны ұстанатын халықтың бөлігіне жағымсыз түсінікті қалыптастыратын бірқатар бейне түсірілімдер мен мәтіндердің бар болуы себеп болған.

Соттың үкімі за күшіне енген соң, оның көшірмесі видеофильмді федералды экстремистік материалдар тізіміне енгізу үшін Ресейдің Әділет министрлігіне жолданатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Грозныйдың Ленин соты «Мұсылмандардың пәктігі» кинолентасының трейлерін экстремистік деп таныды.

Соңғы жаңалықтар