Ресей тағы 2 млрд. долларға Украинаның еурооблигацияларын сатып алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей осы аптада 2 миллиард доллар көлемінде Украина еурооблигацияларының кезекті траншын алады. Бұл туралы РФ Қаржы министрі Антон Силуанов мәлім етті.
Атап айтқанда, өткен жылдың соңында Ресей Украина еурооблигацияларына 15 миллиард долларға дейін қаржы бөлу туралы шешім шығарған еді. Осыдан кейін 3 миллиард доллар көлемінде бірінші транш сатып алынды.
Киев ресейлік газ жеткізілімдеріне төлем бойынша өз міндеттерін орындап болғанша, Мәскеу тарапы Украинаға қаржылық көмектің екінші траншын аудару мерзімін осы күнге дейін шегеріп келді.