Ресей теннисшілері Веснина мен Макарова US Open-нің жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей теннисшілері Елена Веснина мен Екатерина Макарова тамаша ойын өрнегін көрсете білді. Олар Серена және Винус Уильямсты ширек финалда ұтып, US Open - Америка ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады шетелдік БАҚ.

Ресей теннисшілері Веснина мен Макарова US Open-нің жартылай финалына шықты

Жұптық сында ширек финал ойындары 7:6 (7:5), 6:4 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда теннисшілер Андреа Главачкова (Чехия) мен Чжэн Цзе (Қытай) және Кимико Датэ-Крумм (Жапония) мен Сандра Заглавова (Чехия) жұбының қай жеңгенімен бақ сынасады.

US Open-нің жалпы жүлде қоры 38 млн. доллардан астам қаржыны құрайды.