Ресей ТМД және Балтық елдерінің дипломдарын танитын болды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы «Ресей Федерациясының шетелдердегі отандастарға қатысты мемлекеттік саясаты туралы» заңға ұсынылған түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады,

Ресей ТМД  және Балтық елдерінің дипломдарын  танитын болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Заң жобасы шет мемлекеттерде берілген білім туралы дипломдардың Ресей Федерациясында танылатын тізбесін кеңейтуге бағытталып отыр және бұл жаңалық қос азаматтығы бар тұлғаларға және отандастарына ғана қатысты. Ал қолданыстағы заңнамада ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінде жоғары оқу орындарын бітірген азаматтардың жоғары кәсіптік білімі туралы дипломдарын ғана тану туралы Ресеймен халықаралық келісімшарт жасау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл тізбеге жалпы, орта және бастапқы кәсіби білім туралы аттестаттар мен куәліктер қосылмаған. «Енгізіліп отырған түзетулер осынау олқылықтың орнын толтыруға және біздің отандастарымызға Ресей аумағында өз азаматтық құқықтарын толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік береді», деп атап көрсетті Мемлекеттік Думаның Федерация және аймақтық істер жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ирина Яровая.