Ресей тұрғын үй мәселесін Қытай инвесторлары арқылы шешпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының «Внешэкономбанкі» (ВЭБ) Ресейде жайлы эконом-кластағы тұрғын үйлерді салу үшін бірнеше млрд. шетел инвестициясын тартуды көздеп отыр, деп хабарлады newsru.com.

Ресей тұрғын үй мәселесін Қытай инвесторлары арқылы шешпек

Жақында Бейжіңде өткен саммитте РФ Президенті В.Путин мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасында «ВЭБ» және оның құрамындағы «VEB Asia» компаниясы мен Қытайдың Мемлекеттік даму банкі және Тұрғын үй бойынша ипотекалық несие агенттігі арасында мемарандумға қол қойылған болатын.

«Қол қойылған құжат арқылы біз ипотека нарығына, оның ішінде коммерциялық бағыттағы және әлеуметтік тұрғын үй салуға қытай инвесторларын тарта аламыз. Қытайлардың қаржыландыруы арқылы біз қолжетімді, жайлы баспана мәселесін шешеміз», - деді ВЭБ басшысы Владимир Дмитриев. Сондай-ақ, қытай инвесторларына Мәскеу билігі де иек артып отыр. Олар қытайлық инвесторларды метро құрылысын қаржыландыруға шақырып отыр. Мұнымен қатар, Құрылыс министрлігі «Ресей отбасыларына тұрғын үй» бағдарламасына да қытай құрылысшыларын тартпақ.