Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ресей Түркияға чартерлік ұшуларға тыйымды алып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Түркияға чартерлік тасымалдарға тыйымды алып тастады, бұл туралы тиісті қаулыға Үкімет төрағасы Дмитрий Медведев қол қойды, деп хабарлады РИА Новости.

Ресей Түркияға чартерлік ұшуларға тыйымды алып тастады

Құжат чартерлік ұшуларға тыйым салған 2015 жылғы 30 қарашадағы үкімет қаулысына өзгерістер енгізеді.

 «Түрік Республикасымен тұрақты әле қатынастарын жүзеге асыруда көлік (авиациялық) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар қабылдансын», - делінген үкімет сайтында жарияланған қаулыда.

Құжатта сондай-ақ авиатасымалдаушыларға қауіпсіздіктің қосымша шараларын қамтамасыз етуді ұсынған тапсырма берілген.

Ресей Президенті Владимир Путин 30 маусымда Түркияға қатысты арнайы шараларға түзетулер енгізген жарлыққа қол қойды. Тікелей екі шектеу - Түркияға турлар сатудан бас тарту туралы ұсынба және чартерлік авиатасымалдарға тыйым алынып тасталды. Тоғызыншы тамызда Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуде чартерлік тасымалдарды қалпына келтіру мәселесі «техниканың ісі» деп атады.

«Ресейлік авиация билігі Түркияға чартерлік ұшуларды жүзеге асыру, соның ішінде ресейлік авиакомпанияларға тиісті рұқсат беруді бастау үшін қажетті жағдайларды кідіртпей қамтамасыз етуге әзір», - деп мәлімдеді көлік министрі Максим Соколов.

Көлік министрлігінде қазірдің өзінде ресейлік компанияларға жеделхаттар жіберілгенін атап өтті, ал олар өз кезегінде Ресейавиацияға өтініш беруге кірісті.