Ресей тыныштық режимін жариялап, тұрғындардың шығуына гуманитарлық дәліз ашты

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей тыныштық режимін жариялап, Мариуполь мен Волноваха тұрғындарының өңірден кетуіне мүмкіндік берді. Бұл туралы журналистерге сенбі күні Ресейдің Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей тыныштық режимін жариялап, тұрғындардың шығуына гуманитарлық дәліз ашты

«Бүгін, 5 наурыз күні, Мәскеу уақытымен таңғы сағат 10-нан бастап Ресей тарапы тыныштық режимін жариялайды. Мариуполь мен Волноваханың бейбіт тұрғындарының өңірден шығуына гуманитарлық дәліз ашылады», - делінген ведомство ақпаратында.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі гуманитарлық дәліз маршруттары Украина тарапымен келісілгенін нақтылады.