Ресей Үкімет басшысымен сөйлесуі барысында Қазақстан Премьер-Министрі Виктор Черномырдиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті,

Ресей Үкімет басшысымен сөйлесуі барысында Қазақстан Премьер-Министрі Виктор Черномырдиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

К.Мәсімов Ресейдің бұрынғы Үкімет басшысы болған Виктор Степанович Черномырдиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

3 қараша күні болған әңгімелесу барысында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуы аясындағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.