Ресей Үкіметі БАМ мен Транссібір магистралына 260 млрд. доллар бөлуді мақұлдады

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - РФ Үкіметі Байкал-Амур және Транссібір магистральдарына 562 миллиард рубль бөлу бағдарламасын мақұлдады, оның 260 миллиардын мемлекет бөледі. Бұл туралы ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне Көлік министрлігінің басшысы Максим Соколов мәлім етті.

Ресей Үкіметі БАМ мен Транссібір магистралына 260 млрд. доллар бөлуді мақұлдады

110 миллиард мемлекет қаржысы тікелей бюджеттен, 150 миллиарды - Ұлттық әл-ауқат қорынан бөлінеді. ҰӘҚ жылына 50 миллиард қаржы бөліп отырады, оған айырбасқа РТЖ өзінің артықшылықты акцияларын береді.

Президент Владимир Путин осы магистральдарды дамытуға арналған кеңесте оны жаңғыртуға жеке инвесторлар да қатыса алатын мәлімдеді. Жобалардың құнын бағалауға қаржы консультанты тартылады.

БАМ мен Транссібті жаңарту жұмыстары келесі жылдың өзінде басталмақ. Соның нәтижесінде магистральдардың өткізу қабілетін ұлғайту жоспарлануда. Путин соңғы бес жылда қиыршығыстық порттар бағытына ғана жүк тасымалы 55 пайызға өсіп, бес жылда 110 миллион тоннаны құрағанын келтірді.

БАМ мен Транссіб әлемдегі ең ұзын теміржол магистралдарының бірі. Транссібті салу 1891 жылы басталды, ал БАМ - 1938 жылы басталды. Магистральдарды жаңарту жүк ағынының артуына және инфрақұрылымының тозуына байланысты қолға алынғалы отыр.