Ресей үкіметі мен Еурокомиссия Брюссельде екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

БРЮССЕЛЬ. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Ағымдағы жылдың 24 ақпаны күні өтетін кеңейтілген кездесу барысында Ресей үкіметі мен Еурокомиссия екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылайды деп жоспарлануда.

Ресей үкіметі мен Еурокомиссия Брюссельде екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

Бұл туралы іс-шара алдында өткен арнайы баспасөз конференция барысында Ресей Федерациясының Еуропалық Одақ жанындағы тұрақты өкілі Владимир Чижов мәлім етті.

ЕО жанындағы РФ тұрақты өкілі айтып өткендей, Ресейдің үкімет басшысы Владимир Путин Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу және Еуропалық кеңестің төрағасы Херман Ван Ромпемен келіссөздер өткізеді.