Ресей Украинаның еуробондтарын сатып алуды доғара тұрмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Украинада жаңа үкімет пен экономикалық саясат қайта қалыптасқанға дейін бұл елден еурооблигацияларды сатып алуды тоқтата тұрады. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл жайында РФ Қаржы министрі Антон Силуанов мәлім етті.

Ресей Украинаның еуробондтарын сатып алуды доғара тұрмақ

«Біз шынымен де өткен аптада еуробондтарды сатып алу мәселесін талқыладық. Дегенмен, Украинадағы ахуалдың күрт өзгеруіне байланысты біздерге қандай үкіметпен жұмыс істейтіндігімізді түсіну қажеттігі туындап отыр. Біз жаңа үкіметтің құрылғанын күтіп, олардың экономикалық саясаттарын түсінуге ниеттіміз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, өткен жылы Ресей Украинаның үш млрд. долларға тең еурооблигацияларын сатып алды.