Ресей Үлкен театрының премьері мен прима балеринасы - «Астана Опера» сахнасында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын астаналық көрермендер заманымыздың көрнекті хореографы Юрий Григоровичтің қойылымындағы Арам Хачатурянның «Спартак» балетін тамашалаған болатын.
Енді олар Ресей Үлкен театры жұлдыздарының осы спектакльде «Астана Опера» төрінде өнер көрсетуін алғаш рет көреді, деп хабарлады Астана Опера» театрының баспасөз қызметінен.
Үлкен театрдың премьері Александр Волчков пен прима балеринасы Екатерина Шипулина 23 қыркүйекте Красс пен Эгинаның рөлін ойнайды. Бас партияны Бақтияр Адамжан сомдаса, Фригия партиясында - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Баспаева.