07:52, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Ресей ядролық әлеуетін 2020 жылға дейін жаңартпақ
МӘСКЕУ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - 2011-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік қару-жарақ бағдарламасы аясында ресей армиясының қару-жарағы мен әскери техникалары,
оның ішінде стратегиялық ядролық күштері мен жерсеріктік топтамалары толық жаңартылады. Бұл туралы Ресей Федерациясының вице-премьері Сергей Иванов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Голос России" басылымына сілтеме жасап. Вице-премьердің атап көрсетуінше, жаңа бағдарламаны жүзеге асыру отандық өнеркәсіптің көптеген салаларын тапсырыстармен қамтамасыз ететін болады және нанотехнологияны дамытуға қосымша серпін береді.